Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
июль
2022

«Мектепке жол» Республикалық акциясы

?Алматы қаласы Білім басқармасы Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.
?Акция 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
?Акцияның мақсаты:
Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
?Қосымша ақпараттарды лицейдің ресми сайты мен жедел желілер арқылы білуге болады: Алматы қаласы Бостандық ауданы Махатма Ганди атындағы #92 мамандандырылған лицейі

?Баршаңызды акцияға белсене атсалысуларыңызды шақырамыз!