Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық кеңес: «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – сапалы білім берудің негізі»
31
октябрь
2022

Педагогикалық кеңес: «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – сапалы білім берудің негізі»

М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей мұғалімдері  «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – сапалы білім берудің негізі» тақырыбында өзгеше форматтағы педагогикалық кеңес кейіпкерлері болды. Жолсілтеуші  көмегімен арнайы жабдықталған кабинеттерге- секцияларға жеке- жеке кафедра мұғалімдері бөлініп,  педагогикалық кеңес күн тәртібіне сай құрастырылған қызықты танымдық тапсырмалар орындады. ?Динара Бауыржанқызы «Сапалы білім -  болашаққа құйылған инвестиция»  тақырыбын негізге ала отырып, әр кафедраның І тоқсан  үлгерім, сапасы  креативті талданды. 
??Нұржан Айнетуллаұлы «Kundelik.kz -пен жұмыс» Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау" тақырыбында жеке-жеке әр кафедраның  Kundelik.kz платформасымен жұмыс жасаудағы олқылықтары мен жіберілген қателіктерді талдап көрсетті.                  
???Мөлдір Бақбергенқызы «Педагогикалық жағдаяттар шешімі - кәсіби мұғалімнің құзіреттілігінде»  тақырыбында мұғалімдерге әртүрлі жағдаяттар берілді. Мұғалімдер берілген жағдаяттарды шешу арқылы, өздерінің кәсіби біліктіліктерін көрсетті.
????Нургул Рахманкуловна «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – сапалы білім берудің негізі» тақырыбында түсіндіру жұмысын жасады. Сол арқылы мұғалімдеріміз жас ұрпаққа білім беруші тұлға бойындағы құзыреттіліктерді анықтады.        
?????Асель Мырзагалиевна «Оқытуды басқару және көшбасшылық»  тақырыбында видеоролик     көрсетті. Видеоролик арқылы мұғалім бойында болу керек көшбасшы және жауапкершілігі мол тұлғаның макетін құрастырды. 
??????Лицей психологтары мұғалімдерімізге сергіту сәтін жасады. 
Әр  секцияда кафедра бойынша берілген тапсырмалар мен І тоқсан бойы жасалған  жұмыстарына  баға беріліп, жұмыстары қорытыланды. Ерекше форматта өткен педагогикалық кеңес ұстаздарға өте қатты ұнады. Бүгінгі педагогикалық кеңестің мұғалімдерімізге берер пайдасы мол болды деп сенеміз.