08
декабрь
2022
Әдістемелік семинар
08.12.2022ж. күні М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі опынбасары Слямова Нургуль Рахманкуловнаның ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған әдістемелік семинар болып өтті. Семинарда "Озық тәжірибе" мектебінің математика пәнінің мұғалімі Умбетова Нургул Сейтбекқызы "Үй тапсырмасын оындату жолдары" тақырыбында шебер сабақ өткізді.
Жас мамандардың көңіл-күйлерін көтеруге арналған "Ең, ең ..." тренинг жүргізілді. "Жыл мезгілдері" топқа бөлу әдісі арқылы педагогтарды топқа бөлді.
"Әткеншек" әдісі бойынша айналмалы бағытта әр топ "Үй тапсырмасын орындамау себептерін" жазып, соңғы топ таныстырды. 1-топқа " Үй тапсырмасын орындатудың 5 қадамы",
"Үй тапсырмасын берудегі 5 қателік",
2-топқа " Білім алушының үй тапсырмасын орындамаудағы 5 қателік", Үй тапсырмасының көлемі" тапсырмалары берілді. Әр топ тақырыптар бойынша маңызды тармақтарды жазып, бір өкіл түсіндірді. Әр жас маман өз пікірін білдірді.
Сонымен бірге, жас мамандарға Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар таныстырылды.
Сабақ бойынша жас мамандар құнды, қажет, қызық, қиын болған кезеңдерді топпен жазып, таныстырды.
Бір сөйлеммен немесе нақыл сөзбен сабақтан әсерлерін жазды.
Нургул Сейтбекқызы " Ең әуелі мектепке керегі - білімді, әдістемеден хабары мол, ізгілікті оқыта білетін мұғалім" деген А. Байтұрсынұлының сөзімен қорытындылады. Семинарға лицей психологы Турсынбекова А. қатысты.