Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенұлымен кездесу
22
ноябрь
2021

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенұлымен кездесу

22.11.21ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Алматы қаласы мәслихатының депутаты және осы лицейдің "Қамқоршылық кеңесінің" мүшесі Қайрат Құдайбергенұлымен 10-11 сынып оқушыларына және педагогикалық ұжымға кездесу өткізілді. 
✒Бұл шара салауатты өмір салтын, спортты, ұлттық мәдениетті, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты және т.б. насихаттауға бағытталды.
?️Депутат мемлекет Басшысы жуырда жастар алдында сөйлеген сөзінде «Азаматтардың салауатты өмір салты – салауатты ұлт қалыптастырудың негізгі шарты» деп атап көрсеткенін баса айтты, және бұл «Нұр Отанның» сайлауалды бағдарламасында да көрсетілген.
?️Ал бүгінде, бұрынғыдай, мен бірнеше жылдар бойы синтетикалық есірткіні қолданудың қауіптілігі мәселелерімен айналысып келемін,-деді Қайрат Құдайбергенұлы.
?️Жастар арасында танымал синтетикалық есірткіге қарсы күрес туралы қызықты баяндама бойынша лицей оқушылары депутатқа белсенді түрде сұрақтар қойды.
?️Сонымен қатар Қайрат Құдайбергенұлы  лицей кітапханасын аралап, лицейімізде күнделікті жүргізіліп отыратын "Робототехника", "Электроника негіздері", "Web studio", "Радиобайланыс", "Шахмат" үйірмелерінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Лицей басшылығы депутатқа алғысын  білдіріп, жастарды тәрбиелеу мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастыққа ниет білдірді.