Сынып сағаты: «Ұлттық қолөнер – ұрпаққа мұра»
13 желтоқсан 2022 жылы 10 «А» сыныбында «Ұлттық қолөнер – ұрпаққа мұра» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: ❇️қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету; ❇️қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру; ❇️ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту; ❇️ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін