Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Оқуға құштар мектеп” жобасы: «20 минут оқыда, 10 минут эссе жаз»
07
октябрь
2022
“Оқуға құштар мектеп” жобасы: «20 минут оқыда, 10 минут эссе жаз»
⚜️Лицейімізде “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында  ?Кел, бірге оқиық! «20 минут оқыда, 10 минут эссе жаз»  іс-шарасы 6 “ә” сынып оқушыларының қатысуымен болып өтті. Оқушыларға оқуға Д.Исабековтың “Қара шаңырақ” әңгімесі таңдалды.
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың Республикалық байқауы
06
октябрь
2022
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың Республикалық байқауының қалалық кезеңінде ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру номинациясы бойынша II ?дәрежелі диплом иегері және аталған байқауға қатысқаны үшін сертификатқа ие болғаны үшін лицейіміздің 8 сынып оқушысы Кумартаева Гайни марапатталды!!! ??? Құттықтаймыз!??????
Жас мамандарға арналған әдістемелік семинар
06
октябрь
2022
Жас мамандарға арналған әдістемелік семинар
06.10.2022 ж. күні лицейімізде жас мамандарға арналған әдістемелік семинар болып өтті. Семинарда БЖБ,ТЖБ жұмыстарын талдау, тоқсандық жиынтық бағалауға модерация өткізу бойынша отырыстың хаттамасын толтыру үлгісі және пәндік есеп жасау үлгілері сараланып түсіндірді. Сонымен қатар лицейіміздің математика пәнінің мұғалімі Орынбаева Ажар жас мамандарға қысқа мерзімді жоспар жасау және сабақ барысында қолданылатын қызықты бағдарламалармен таныстырды.
Ашық сабақ: «Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу»
06
октябрь
2022
Ашық сабақ: «Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін
⚜️2022 жылдың 6-қазанында математика кафедрасының пән айлығы аясында 9 «Ә» сыныбының  1-тобында алгебра пәнінен «Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ жақсы көніл-күймен басталды. Оқушылар кесте толтыру арқылы алдыңғы білімдерін қайталады. Білім алушылар жалпы сыныппен, топтық, жеке және шығармашылық жұмыстарды орындады. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Тапсырмалардың критерий мен дескрипторға сәйкес орындалуы білім алушының сабақ
Ашық сабақ: "Бүтін сандар. Рационал сандар"
06
октябрь
2022
Ашық сабақ: "Бүтін сандар. Рационал сандар"
2022 жылдың  қазан айының 6-сы күні математика кафедрасының пән айлығы аясында 6 А сыныбының 1-топ оқушыларымен математика пәнінен , "Бүтін сандар. Рационал сандар" тақырыбында ашық сабақ өтілді. Сабақ әмбебап алгоритмге сай жоспарланған. Сабақты оқушылар жақсы көңіл-күймен бастады.Қайталау оқу анасы демекші , өткен тақырыптар бойынша сұрақтар  қойылып,  ережелер математикалық тілде  айтылды. Деңгейлік тапсырмалар беріліп, жеке, жұптық,топтық жұмыстар  жүргізілді.Оқушылар сабаққа белсене
Ашық сабақ: «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру»
05
октябрь
2022
Ашық сабақ: «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру»
⚜️2022 жылдың 5-қазанында математика кафедрасының пән айлығы аясында 8А сыныбының  1-тобында алгебра пәнінен «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. ?Сабақ басында оқушылар топқа бөлініп, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында, «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы  бір-біріне сәттілік тіледі.  «Сиқырлы дөңгелекте» жасырылған сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар өздерінің өткен тақырып бойынша алған білімдерін бекітті. Деңгейлік
Шажабаева Кульжан Сауытқызы Құрмет Грамотасымен марапатталды
05
октябрь
2022
Шажабаева Кульжан Сауытқызы Құрмет Грамотасымен марапатталды
⚜️Лицейіміздің директоры Шажабаева Кульжан Сауытқызы «Ұстаздар күні» мерекесіне орай, еліміздің білім беру саласына қосқан елеулі үлесі мен қажырлы еңбегі үшін, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімінің 2022 жылғы 3-қазандағы №260-ө өкіміне сәйкес, Құрмет Грамотасымен марапатталды!!! Құттықтаймыз!
Сынып сағаты: "Адамзат баласының тыныштығын бұзған қауіп-қатер"
04
октябрь
2022
Сынып сағаты: "Адамзат баласының тыныштығын бұзған қауіп-қатер"
?4 қазан 2022 жылы 10 "А"  сыныбында "Адамзат баласының тыныштығын бұзған қауіп-қатер" тақырыбында сынып сағаты өтті.  Сынып сағатының мақсаттары:  ✓оқушыларға БАҚ құралдары арқылы әлемдегі бейбітшілік мәселесі туралы мәлімет беру;  ✓жасөспірімдердің көтерілген мәселелер бойынша пікірлерін еркін білдіру дағдыларын дамыту;  ✓оқушыларды отансүйгіштікке, ізгілікке баулу. Сынып жетекшісі: Мунасаева Рая Нуровна
Ашық сабақ: "Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар"
04
октябрь
2022
Ашық сабақ: "Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу.
2022 жылдың 4 қазанында математика кафедрасының  пән  айлығы  аясында 6в сыныбының 1-тобында "Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар" тақырыбында ашық  сабақ өткізілді. Сабақ әмбебап алгоритмге сай өтілді. "Әсем - әдемі" тренингі жүргізілді. Білім алушыларды орындарынан тұрғызып, есімдерінің бас әрпінен тұратын өз бойындағы жақсы қасиетті тізбекпен айтқызып, сабақты жақсы көңіл-күймен бастады. "Ширату" жаттығуларын жұппен орындатып, сұрақтарға жауап алды. Білім
"Оқуға құштар мектеп" іс-шарасының аясында аудандық байқау
04
октябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп" іс-шарасының аясында аудандық байқау
23 қыркүйек 2022 жылы "Оқуға құштар мектеп" іс-шарасының аясында аудандық байқау өткізілді. Оқушылар І.Есенберлиннің "Алмас қылыш", Д. Дефоның "Робинзон Крузо" романдарын оқу бойынша сайысқа түсіп, 10 "Г" сынып оқушысы Серікова Аяулым мен 9 "Г" сынып оқушысы Махмедова Адэля жүлделі ?3-орынға ие болды.  Құттықтаймыз!???????