Президент шыршасы - балаларға қуаныш сыйлады!
Балалардың жыл сайын асыға күтетін мерекелерінің бірі – жаңа жыл. Жаңа жыл – түрлі-түсті ойыншықтармен безендірілген шырша, әртүрлі ертегі кейіпкерлері, Аяз ата мен Ақшақар бүлдіршіндерге тамаша көңіл күй сыйлап, армандарына жан бітіріп, әртүрлі сыйлықтар үлестіріп, қуаныштарын еселеп, аппақ көңілдерін әрлей түсетін ерекше күн. Осыған орай, балалардың жыл бойы ерекше ықыласпен күткен мерекесіне орай Алматы қаласында дәстүрлі Президент шыршасы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан