Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған мәнерлеп оқу байқауы
10
март
2021
М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған мәнерлеп оқу байқауы
Республикалық "Жас Дарын" және "ӨРЛЕУ" порталының қолдауымен қазақтың біртума ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша шығармашылық байқау ұйымдастырылды.Байқауға М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 6 "А" сынып оқушысы Исаева САЛТАНАТ Талгатовна қатысып, осы байқау аясындағы "Өлең - сөздің патшасы" номинациясында үздік нәтиже көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Сандуғаш Жадыкова. Құттықтаймыз! 
«Қазақстанның ұлы ақындары» халықаралық қашықтықтан мәнерлеп оқу сайысы«Қазақстанның ұлы ақындары» халықаралық қашықтықтан мәнерлеп оқу сайысы
23
февраль
2021
«Қазақстанның ұлы ақындары» халықаралық қашықтықтан мәнерлеп оқу
Нұр - Сұлтанның мәдениет бөлімі, «Art-dance» ақпараттық порталы және Ресей Федерациясы «Балаларды, жастарды және ересектерді қолдау және дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  ұйымдастыруымен  2020   жыл дың  22 - қараша сында «Қазақстанның ұлы ақындары» халықаралық қашықтықтан мәнерлеп оқу байқауы болып өтті.  Байқау мақсаты - Қазақстанның көрнекті ақындарымен таныстыру, ана тіліне, өз халқының мәдениеті мен тарихына, дәстүрлеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу,
«Айтыс – сөздің майданы» атты қалалық айтысы
22
февраль
2021
«Айтыс – сөздің майданы» атты қалалық айтысы
2021 жылдың 20 ақпанында Алматы қаласының Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы №198 мектепте орта білім беру ұйымдарының 5-11-сынып оқушылары арасында «Айтыс – сөздің майданы» атты қалалық айтыс өтті. Аталған шараға №92 М.Ганди атындағы мамандандырылған лицейдің 7 «Г» сынып оқушысы Телібай Ескендір қатысып, III орынды иеленді. Ұстазы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амангүл Кеңесқызына арнайы
Республикалық оқушылардың ғылыми жобалар конкурсы
12
февраль
2021
Республикалық оқушылардың ғылыми жобалар конкурсы
Республикалық оқушылардың ғылыми жобалар конкурсының Қалалық турының «Жер және космос туралы ғылымдар» секциясы бойынша жүлдегерлері 10 б сынып оқушылары  Ергалиева Альмира мен Мырзамурат Айым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жобаларының тақырыбы “Күн жарқ етулерінің әр түрлі станциялардың мәліметтері бойынша сипаттамаларын анықтау”. Жетекшісі: Рсалиева Асем физика пәнінің мұғалімі.                      
Халықаралық Робототехника жарысы
11
февраль
2021
Халықаралық Робототехника жарысы
Алматы қаласы Білім басқармасының  ұйымдастыруымен 2021 жылың 7-10 қаңтар  аралығында Қазақстан Халықаралық Робототехника  жарысы онлайн өткен болатын. №92 М.Ганди  атындағы мамандандырылған лицейдің 9 «В» сынып оқушысы  Низамитдин Еркебұлан аталған жарысқа  қатысып, сертификат алды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық пән олимпиадасы
06
февраль
2021
Жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық пән олимпиадасы
08.02.2021-12.02.2021 күндері аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық пән олимпиадасы болады. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз.
КЕРЕЙДІҢ ЖЕҢІСІ
06
январь
2021
КЕРЕЙДІҢ ЖЕҢІСІ
      Спорттың адам өмірінде алатын орны орасан зор. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шымыр болады. Сондықтан спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне,  қызығушылығына байланысты.  Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыру басым бағыттың бірі ретінде атап көрсеткен еді. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің жастары дене тәрбиесіне ерекше мән беруде. Осындай
Джиу Джитсудан Нұр-Сұлтан қаласында өткен турнир
04
январь
2021
Джиу Джитсудан Нұр-Сұлтан қаласында өткен турнир
Үстіміздегі жылдың ақпан айында, Нұр-Сұлтан қаласында "Джиу Джитсу" қауымдастығының ұйымдастыруымен "Only Jiu" турниры өтті. Аталған турнирге М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11 "Ә" сынып оқушысы Нұртаза ДАРЫН қатысып, бірінші орынды - алтын медальді иеленді.  Джиу-джитсу Жапония жекпе-жектердің аса көне жүйелерінің бірі болып табылады. Джиу-джитсу – терең тамыры бар және өзіне Шығыс халықтарының (Жапонияның, Қытайдың, Кореяның, Монғолияның және т.б.) жауынгерлік өнеріндегі
"ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" ЖОБАСЫ
03
декабрь
2020
"ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" ЖОБАСЫ
"Елбасы Медалі" жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «El Umiti» бастамасы аясында әзірленді. Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы барлық жетістіктер Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегімен байланысты. Сондықтан жеңімпаздарға берілетін медальдар мен жоба «Елбасы Медалі» деп аталады. «Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу,
«Ақ бота» интеллектуалдық марафоны
30
ноябрь
2020
«Ақ бота» интеллектуалдық марафоны
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2020-2021 оқу жылының 22-28 қараша аралығында «Ақ бота» интеллектуалдық (қашықтықтан) марафоны өтті. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің орта буын 5, 6, 7 және 8-сынып оқушылары осы интеллектуалдық марафонға белсене қатысып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.  Құттықтаймыз!