Эстетика пәндерінің 2020-2021 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың 01.03. – 12.03. уақыты аралығында өткізілген онкүндігінің есебі
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салты, спорттың әр түріне қызығушылығын ояту арқылы денсаулығын сақтау және нығайту. Білімді, өнерлі, намысшыл парасатты еңбекқор ұрпақ қалыптастыру.
Эстетика пәндер 01.03-12.03.2021ж онкүндігі аясында, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар және эстафеталық жарыстар болып өтті. Ашық сабақтар онлайн түрде Microsoft Teams платформасында, ал жарыстар мектепішілік спорт залында мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі қатысуымен өткен болатын. Сабақ барысында қатысқан мұғалімдер өз ой пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстар айтылды.
ЖОСПАРЫ:№ | Өткізілетін іс – шаралар | Өткізілетін іс – шараның түрі | Сабақ уақыты | Мерзімі | Қатысушылар | Жауапты | Өткізілетін орын |
1 | «Музыкалық аспапты құрастыру» | Ашық сабақ | 4-сабақ 10:40-11:20 | 03.03.2021ж | 5 «А» сынып | Какарманқызы Шолпан | Microsoft Teams (онлайн) |
2 | «Бұйым дайындау. Бұйымды безендіру» | Ашық сабақ | 4- сабақ 10:40-11:20 | 04.03.2021ж | 5 «Б» сынып | Умбеталиева Мөлдір | Microsoft Teams (онлайн) |
3 | «Бұйым дайындау. Бұйымды безендіру» | Ашық сабақ | 8- сабақ 14:05-14:45 | 11.03.2021ж | 5«В» сынып | Бейсекова Гульвира | Microsoft Teams (онлайн) |
4 | «Әділ ойын және ынтымақтастық» | Ашық сабақ | 3 - сабақ 09:40-10:20 | 06.03.2021ж | 6 «А» сынып | Булгаков Қанат | Microsoft Teams (онлайн) |
5 | «Ойындар арқылы мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіру» | Ашық сабақ | 3 сабақ 09:40-10:20 | 10.03.2021. | 7 «Ә» сынып | Кокымбаев Даурен | Microsoft Teams (онлайн) |
СЫНЫПТАН ТЫС ІС–ШАРАЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
1 | «Адамдық борышың» атты сазгер, ұлағатты ұстаз Самат Сыпатайұлы кездесу | Кездесу | 14:00 | 11.03.2021ж | 5 «А»,«Б» сыныптары | Оразаев Марат | Zoom платформасы |
2 | «Ойын - сауық ойындарын құру» | Жарыс | 4- сабақ 10:40-11:20 | 11.03.2021. | 5 «А» сынып | Жокенбаев Алишер | Спорт Зал |
3 | "Дені сау ұрпак - ұлт болашағы " | Эстафеталық жарыс | 5 сабақ 11.30-12.10 | 12.03.2021ж | 5 сыныптар арасында | Шарамиева Жазира Жетенбаев Дархан, Жолдыбаев Жұбаныш, Кокымбаев Даурен | Спорт зал |
4 | 10,11 сынып оқушыларына ҚР Қорғаныс министрлігінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік табыстау рәсімі | Сыныптан тыс іс-шара | 26.02.2021 | 10,11 сыныптар | Жүрекбаев Серік Сейтказинович | Акт залы |
Ашық сабақ есептері
03.03.2021 күні эстетика пәндері мұғалімдерінңің бірлестігінің он күндігі аясында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Какарманқызы Шолпан 5 «А» сыныбына «музыкалық аспаптар құрастыру» тақырыбында Microsoft teams платформасында онлайн ашық сабақ өткізді.
Оқу мақсаты:
оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту;
әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуын түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;
оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту.

Сабақ барысында оқушылар жаңа «музыкалық аспаптар құрастыру» тақырыбымен танысты. Оқушыларға музыкалық аспаптар түрлерін презентация арқылы таныстырып, әр аспапқа қысқаша ақпарат беріп өтті. Таныстыру барысында өздерінің көрген білген аспаптарын айтып отырды. Әр аспапқа жеке-жеке тоқталып, қайдан шыққанын, қалай жасалғандығын және де аңыз әңгімелерге сүйене отырып түсіндірді.

Сабақ ортасында оқушыларға жұмбақтар жасырылып және оның жауабы алынды. Жұмбақ жасырылғаннан кейін, жаңа тақырыпты толық түсіну мақсатында оқушыларға тапсырма берілді. Музыкалық аспаптардың суретін салуға 5 минут уақыт берілді. Оқушылар үлгергенше суреттерін салып, сабақ барысында көрсетті. Қорытындылау үшін оқушылардың өздерінен бүгінгі алған білімдерін кері байланыс ретінде сұрап шықты. 4-5 оқушыға сөз беріліп кері байланыс жасалынды, алған білімдерін қорыта айтып шықты. Үй тапсырмасына музыкалық аспаптарды құрастыруға арналған нобай (эскиз) жасауға берілді. Сабақты қорытылып мұғалім тарапынан оқушыларға комментарий айтылды. Ашық сабаққа 2 мұғалім қатысты.
11.02.2021 күні көркем еңбек пәнінің мұғалімі Бейсекова Гульвира Медеуовна 5 «В» сыныбына «Бұйым дайындау. Бұйымды безендіру» тақырыбында өткізді.
Оқу мақсаты: Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.

Сабақ басы білу, түсіну деңгейінде үш кезеңнен тұрды.Бірінші кезеңде он сұрақтан тұратын өткен сабаққа шолу «Миға шабуыл» әдісі және құрақ құрау ретін анықтау арқылы білімдерін пысықтады.
Оқушылардың білімдерін бағалау мақсатында өзара бір-бірлеріне «Басбармақ» әдісі арқылы бағалауды ұсынылды.
Екінші кезеңде жаңа сабақтың тақырыбымен мақсаты таныстырылды.Құрақтың ежелгі техникасы және отаны туралы, сонымен қатар әр елде құрақты қалай аталатыны айтылды. Мата түстері үлкен роль атқаратыны жайлы, құрақ өрнек түрлерінің 5 түрге бөлінгені,қазақ халқымызда түстер символы туралы мәлімет алынды.


04.03.2021 күні онкүндік аясында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Умбеталиева Мөлдір Бармешовна 5 «Б» сыныбына «Бұйым дайындау. Бұйымды безендіру» тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді.
Оқу мақсаты: 1.Бұйымды дайындау мен безендіру үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдардың тиімді қолдануын түсіне отырып өздігінен таңдау;
2.Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар мен өнер материалдарын өз бетінше анықтау, талдау және біріктіру.
Сабақ барысында оқушылар өзін-өзі бағалау негізінде өткен сабаққа шолу жасап сабаққа дайындық сұрақтарына жауап берді. Дайындық сұрақтары:Нобай дегеніміз не? Ыстық желім дегеніміз не?Табиғи материалдар дегеніміз не? деген сұрақтарға жауап берді.Жаңа тақырыпты презентация арқылы түсіндірді.



Сабақ ортасында оқушыларға фоторамка жасау практикалық тапсырмасы берілді. Уақыт аяқталғанда оқушылар жасаған жұмыстарын жіберді.
Сабақты қорытындылау мақсатында сұрақтар қойылды.
1.Әшекей бұйымдарды ата?
2. Зергерлік бұйымдарды қандай тастармен әшекейлейді?
3.Бүйымды безендіру кезінде қандай әдіс тәсілдерді қолдандың?
4. Жұмыс барысында қиындықтар кездесті ме және қандай жетілдіру амалдарын пайдаландың?
Сыныптан тыс іс-шаралар есебі
Онкүндіка аясында болған сыныптан тыс іс-шараның бірі 10 мен 11 сынып оқушыларына Алғашқы әскери дайындық пәнінінің мұғалімі Жүрекбаев Серік ҚР Қорғаныс Министрлігінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы Куәлік табыстау рәсімі өтті. Барлық санитарлық нормаларға сай өткізілген іс-шараға лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна өзі тікелей қатысып оқушыларға куәліктерін табыстады. Мектеп әкімшілігінен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәлімжанов Нұрсұлтан Өмірханұлы және лицей тәлімгері Абылқасым Мөлдір Бақбергенқызы қатысты.



Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен болған «Көңілді эстафета» жарысы барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өзінің деңгейінде өткізілді. 5-сынып оқушылары және сынып жетекшілері өте белсенді қатысты.
Жарыс 7 ойын түрінен және мынадай ережелерден тұрды:
1.«Эстафета таяқшасын алып жүгіру»
Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша кедергілердің арасымен эстафета таяқшасын алып белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады, және екінші ойыншыға береді.
2.«Секіртпемен жүгіру»
Топ оқушылары төрешінің белгісі бойынша жүгіреді.Белгіленген жердегі секртпемен 5 рет секіріп, жүгіріп орнына қайтып, келесі ойыншыға береді.
3.«Шығыршық лабиринты»
Төрешінің белгісі бойынша топ басшысы белгіленген жерде 2 шығыршықты ұстап тұрады, топ мүшелерін біртіндеп қолына баскетбол добын ұстап алып шығыршықтың арасымен жүгігіреді. Ойынды бірінші аяқтаған команда жеңімпаз болады.
4. «Мерген», кішкентай доптар беріледі, сол доптарды себетке дәлдеп тигізу керек. Қай команда қанша доп салса себетке, сонша ұпай беріледі. Көп ұпай алған команда жеңімпаз болады.
5. .«Поезд»
Төрешінің белгісі арқылы ең мықты команда ойыншысы бастап жүгіреді, белгіленген станцияны айналып келіп екінші ойыншыны жабыстыра етеді. Осылай жалғаса беріп, қапты киіп алып, белгіленген жерге секіріп барып, кейін қайтады.Бірінші келген команда жеңімпаз болады.
6.« Есептеп көр» ойынында төрешінің белгісімен команда ойыншылары столда тұрған тапсырмадағы 1 есептен шығарып орындарына қайтады. Ойынды бірінші аяқтаған команда жеңімпаз болады.
7. «Кім жылдам»
Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жердегі фишкілерді бірінші ойыншы жинап келеді, екіші ойыншы орнына таратады, осылай жалғаса береді. Ойын осылай жалғасып,бірінші келген команда жеңімпаз болады.


Қорытынды сөз әділқазыларға берілді.
Ұпай санын есептеп, жарысқа қатысқан командаларды марапатталды.
Жарыс нәтижесінде: I- орын, II- орын, III – орын жеңімпаздары марапатталды. Бас жүлдені 5 «Б» сыныбының оқушыларынан құралған «Спарта» командасы жеңіп алды, I- орынды 5 «А» сыныбынан құралған «Барыс» командасы, II – орынды 5 «А» сыныбынан құралған «Қыран» командасы және III – орынды 5 «В» сыныбынан құралған «Бүркіт» командасы жеңіп алды.
